Алғашқы Принцип - Шынайы білімге жету жолы.
Бұл америкалық The First Principles :The building blocks of True Knowledge мақаласының аудармасы.

Кеттік.

Алғашқы Принцип - қиын мәселені шешудегі, қиын мәселені жіліктеп, түп тамырын, негізгі себебін табуға көмектесетін ойлану әдісі.


Тәуелсіз ойлану үшін, басқалардың ойымен емес, өз ақылыңызбен жүруді, шығармашылық қасиеттеріңізді ашуды, күтпеген нәтижеге жетуді Алғашқы Принцип әдісімен үйренуге болады.

Ежеелгі грек философы Аристотель, қазір Илон Маск және Уоррен Баффет және оның серіктестері осы әдісті әрдайым қолданады.
Көп айтса көнді, жұрт айтса болды — әдеті надан адамның.
Абай.
Адамдармен ненің дұрыс еместігін түсіне алмай қойдым:
олар түсінгісі келмейді, жаттап алғысы келетіндей.Олардың білімдері сондай - әлсіз!

Ричард Фейнман, атақты физик ғалым.
Сонымен, Алғашқы Принцип дегеніміз не?
Жалпақ тілмен айтқанда, бұл ең негізгі қағида.

Кез келген саланың фундаменті, түп тамыры.

Сол фундаментті нақты түсінсеңіз, қалған бөлшектерді түсіну оңай болады.

Қалған қағидалар осы Алғашқы Қағидаға келіп тіреледі!
МЫСАЛЫ.
Бірде Майкл Ломбарди(Америкалық футбол лигасының экс төрағасы) деген менің досым бүй деген:

"Досым, әрбір тренер шынымен тренер емес! Олардың көбі тек шынайы тренерге ұқсауға тырысады деген."

Футболдағы әрбір тактика кезінде бір адамның ойынан шыққан.

"Мына жерде былай істесек не болады екен?"

Сонымен сол идеясын сынақтан өткізеді де, жараса, кейін қолданады.

Сол сияқты миллиондаған ойын тактикаларын ойлап табылды.

Шын тренер сондай тактикаларды, стратегияларды әрбір қарсыласының және өз командасының мықты және әлсіз жақтарын салыстырып дайындайды.

Тренер шешімді тек Алғашқы принциптерден ойлап шығарады.

Футболда алғашқы принцип тек - ойын ережесі ғана.

Ойын ережесі футболда не болатынын, қашан және қалай болатынын анықтайды.

Болды.

Ережеге сәйкес кез келген нәрсені істеуге болады.

Ал, қайталайтындар - тренердің ойлап тапқан тактикаларын қайталап, соны біраз ғана өзгерте алады.

Олардың ойы былай: Бәленбей деген тренер бәленбайыншы жылы былай істеген. Біз де солай істейміз дейді.

Тренер мен шала-тренер бір ойын ережесімен ойнайды, бірақ екеуі екі түрлі нәтижеге жетуі мүмкін.

Қоршаған орта үшін, стадиондағы көрермендер үшін екеуі де бірдей адам болып көрінуі мүмкін.

Шынымен де, ойынның көп уақытында екеуі бір біріне қатты ұқсауы мүмкін.

Бірақ, бірдеңе дұрыс болмай қалып, әдеттегіден тыс жағдайлар басталғанда, екеуінің айырмашылығын анық көре бастайды.

Тренердің де, шала трененердің жақсы/жаман тактикалары болады.

Бірақ, нағыз тренер ғана ол тактиканың неге жаман, неге жақсы екенін айта алады.

Тренер бұл тактиканың ойынның қандай моменті үшін қолданылатынын, қандай жағдайда ойлап табылғанын біледі және соны ойын барысында өзгерте алады.

Шала тренер қиын жағдайда, аң таң болып, "Не болып кетті өзі?" деп бармағын шайнап отырады.

Илон Маск шала тренерлерді "аналогия бойынша, яғни қайталау принципі бойынша ойланатындар", ал нағыз тренерді "алғашқы принициппен ойланатын адам" деп атаушы еді.

Тағы бір Тим Урбан деген досым, мынадай мысал береді.

Шеф пен аспаз.

Шеф пен повар көп жағдайда ұқсауы мүмкін. Бірақ басты бір айырмашылық бар:

Егерде, повар рецептіні жоғалтып алса, онда түк істей алмай қалады.

Ал, шеф әрбір ингредиент жайлы терең білгендіктен, ол рецептісіз де керемет шедевр жасай алады.

Оған ешқандай нұсқаулық керек емес.
Алғашқы принциппен ойлану үшін бізге "авторитеттер" кедергі жасайды.
Біздің көптеген ойларымыз бір "авторитеттің" пікіріне негізделген.

Әсіресе, қазақ қоғамында.

Мектеп кезінен "Неге?"- деп сұрақ қойсаң, көптеген "Өйткені, мен солай айттым"-деп қайырады көп мұғалімдер, үлкендер.

Қазір де барлық саясат, қоғамдық орта солай принциппен құрылған.

Көпке қарсы шықсаңыз, қоғамда мәселе туғызатын адамға айналасыз. Ондай адамдар керек емес.

Тіпті, кейбір тренингте "ойланба, менің айтқанымды істе, әйтпесе кете бер"деп айтатын жағдайларды кездестірдім.

Көп жұмыста да солай. Бастыққа басын ауыртпайтын, айтқанды істейтін биоробот керек.

Шынымен де, бізге Неге?Неге? дей берсе, өзіміз де көп нәрсе білмейтініз анық болады.

Сол үшін "басымды ауыртпаш" деп өзіміздің білімсіздігімізді жасыруға тура келеді.

Оған ренжудің қажеті жоқ.

Әрбір адам өзінің ойына қарсы келетін адамды жақтырмайды.

Бірақ, біздің мақсатымыз қарсы келу емес, түпкі негізге жету.

Алғашқы принципке жету.
Өзіңе сенбе - адасасың! Өзіңе сенбе - құртасың! Өзіңе сенбе - ауру болып қаласың! Тек маған, маған ғана сеніңдер! Мен ғана тура жолдамын! Менің ғана етегімнен ұстап алып, соқыртеке құсап, көзсіз ере беріңдер! Менің ғана семинарыма қатыссаң ауруыңнан айығасың!"

Міне осы идеология бізді болмыс ретінде өлтіріп тынды. Өзіне емес, тек біреуге ғана сеніп, садақасын, салығын төлеп, семинар ақысын ғана төлеп қойып, ойсыз жүре беретін түсініксіз тіршілік иесі қаптады.

Санжар Керімбай
Түсіну деген - не істеу керектігін білу

Витгенштейн
Алғашқы принципке жету әдістері
Алғашқы принципті табудың көптеген жолдары бар. Бұл жерде тек бір-екеуін қарастырамыз.

Сократ әдісі

Сократ әдісі қатаң анализге негізделеді. Бұл шындықты табу үшін, надандық пен шынайы білімді ажырату үшін қолданылатын жүйелі ойлау процессі.

Сократ диалогы әдетте төмендегідей жолмен жүреді.

1. Өз идеяңызды және оның шығу тегін толығымен түсіндіру.(Неге мен олай ойлаймын? Мен нақты не ойлаймын? )

2. Идеяңызға күдіктену.( Мен оның дұрыс екенін қайдан білемін? Мен басқаша ойласам не болушы еді?)

3.Дәлелдеу(Мен оны қалай дәлелдей аламын? Қандай нақты факт бар? Авторитеттің пікірі емес)

4. Қарама қайшы пікірлерді қарастыру.(Қай жері дұрыс емес? Шынымен бұл идеям дұрыс емес шығар? Дұрыс болмай қалса, қанша құн төлеймін?)

5.Бастапқы идеяларды қайтадан шабуылдау .(Неге мен олай ойладым?Мен дұрыс ойладым ба? Бұл ойлардан қандай тұжырымдама жасауға болады?)


Бұл әдіс "cуық ақылды" қолдануға көмектеседі.Эмоцияларды біраз басып, идеяға тың көзбен қарауға көмектеседі.

Неге?Неге?

Балалар туғанынан таза алғашқы принциппен ойланады.Олар шынымен де әлеммен не болып жатқанын білгісі келеді. Ойын арқылы олар әлемді таниды, негізінде.

Біздің үйдің балаларының сұрақтары:
• Тісті жуып, жататын уақыт келді?
Не үшін?
• Өйткені, адам өз денсаулығын сақтау үшін тісті тазалап, дұрыс ұйықтап керек.
Не үшін?
• Біз не үшін ұйықтауымыз керек?
Өйткені, біз ұйықтамасақ өліп қаламыз.
• Ұйықтамасақ не үшін өліп қаламыз?
Білмеймін, балам, жүр кеттік жауабын іздеп көрейік.


Балалар шынымен де не үшін үлкендер солай айтатынын, не үшін олар біз айтқандай істеу керектігін түсінгісі келеді.

Бірақ, кейін көп ата аналар жалығып кетеді немесе мұршасы жоқ болған соң, "жарайды өйткені мен солай айттым болды. Басымды қатырмаш " деп баланың білсем, көрсем, түп негізге жетсем деген ынтасын бірте-бірте басады.
АЛҒАШҚЫ ПРИНЦИП ПРАКТИКАДА
Алғашқы принципті нақтырақ түсіну үшін, шын өмірдегі мысалға жүгінейік.

Илон Маск пен SpaceX

Қазіргі заманның ең мықты кәсіпкерлерінің бірі Илон Маск алғашқы принцип арқылы ойланудың мастері десек болады.

Маск не ойлайтыны қызық емес, оның қалай ойлайтыны қызық бізге.
Я думаю, что человеческое мышление слишком скованно традицией или аналогией с прошлым опытом. Люди редко пытаются мыслить исходя из главных принципов.

Они говорят: «мы делаем что-то, потому что так всегда делали до нас».

Или они не делают чего-то, потому что «так никогда никто не делал, значит это, должно быть, неэффективно».

Но это совершенно нелепый образ мышления.

Нужно построить размышление с нуля — «с основных принципов», как говорят в физике.

Изучите основные принципы и постройте своё мышление исходя из них.

В результате вы придете к полезным или бесполезным выводам, которые могут совпадать или не совпадать с тем, что уже было сделано в прошлом.

Илон Маск
Илон Маск тек фактіге сүйеніп ойлауды әдет қылған.

Өзінің эмоциясымен емес.

Мәселе біздің аз білетіндігіміз де емес, көп білеміз деп ойлауымызда.

Сондықтан қателісіп жатасымыз.

Ал, Маск нақты фактыны тауып, соның негізінде шешім қабылдайды.
Маск өзінің мақсатына қарай ойланады, мақсатына жету жолының негізгі фундаментін табады.

Мысалы, әлемдегі ең арзан ракета жасап шығару.

Содан кейін, арзан ракета жасап шығарудағы алғашқы принципті іздейді.

Мысалы, ракета қандай материалдан жасалынады. Алюминий қоспасы, біраз титан, мыс және көміртек талшықтары.

Ал, осы заттардың нарықтағы бағасы қандай екен?

Материалдар барлық ракетаның бағасының тек 2% ғана екен!

Ал, олай болатын болса ше неге ракетаның бағасы сондай қымбат?

Ол осындай тұжырымдаға келді:

Барлық ракета құрылысының ғылымы бір бірін қайталап, сол тұйық жүйеде қалып қалған екен. Олардың ойынша ракета ұшып кетіп, қоқыс болып космоста қалу керек. Ал, біз барлық бөлшектері қайтадан жерге ұшып келетін ракетаны ойлап табамыз дейді.

Сонымен, SpaceX компаниясының тарихы басталады.

Tesla

Тесланы бастар алдын, барлығы аккумуляторды батерея қымбат және одан ары қарай тағы қымбаттай береді.

Сондықтан, электрокар жасау дұрыс емес дейтін.
Өткен шақта солай болған және болашақта да солай болып қала береді дейді.

Бірақ, Маск алғашқы принципке тағы да жүгінді.

Қазір Лондон биржасында аккумуляторды батареяның киловатт-cағаты 600$ тұрады екен. Бірақ, аккумулятор неден жасалынатынын байқап көрейікші: Кобальт, никель, алюминий, көміртек, бөлуші полимерлерден тұрады екен.

Егер осылардың зауыттарын өзіміз алсақ ше? Онда небәрі 80$/ киловатт-cағат шығады екен.

Көпшілік айтты екен деп сене салуға болмайды.

Генри Форд машинаны жаппай нарыққа шығарар алдын,

көпшілік: "бізге ат жеткілікті, жол да, жолсыз да жүре береді. Шөп көп, бензин аз" дейтін.


Google дың негізін қалаушы, Ларри Пейдж:

"Әрқашан осы сұрақты қойыңыз:
Бұл мәселенің түпкі негізі қандай?
Бұған қанша уақыт керек?
Бұны қаншалықты арзан жасай аламын?
Ғылыми негізі қандай? "
Маркетингтің алғашқы принципі
Бизнес жетістікке жету үшін ең маңызды қандай нәрсе болу керек?

Әлбетте, жауабы: көңілі толған клиенттер.

Үлкен офис алып, қымбат аппарат сатып алып, инвесторларға фокус қойғанша, әрбір клиентті максималді түрде қанағаттандыруға жұмыс істеу керек.

Бизнестің алғашқы принципі - клиент.

Сіз өз компанияңыз жайлы не айтатыңыз бәрібір, ең бастысы - клиенттеріңіз сіздің компанияңыз жайлы не дейді.
Алғашқы принцип күнделікті өмірде
Алғашқы принципті толығымен қолданып үйрену үшін, ең алдымен өзіміздің басымызбен ойланып үйренуіміз керек.

Алғашқы принцип - жауапкершілікті өзімізге жүктейді.

Біреу сіз үшін кез келген саланың алғашқы принципін шығарып бере алмайды.

Қазақстанда, өкінішке қарай , көпшілік барлық нәрсені жаттап алғысы келеді.

Біреу келіп, барлығын түсіндіріп беретіндей.

Келіспесеңіз, өзіңіз эксперимент жасап көрсеңіз болады. Кез келген саланы алып, сол сала бойынша бірінші, екінші, үшінші ойыңызды қарап көріңіз.

Мысалы, маркетинг бойынша.

Бірінші ойлар өзіңіздікі емесі бірден анықталады.

Бір авторитет сізге солай айтқан немесе бір жерден оқып,көріп алдыңыз.

Соны дұрыс па, дұрыс емес па деп өзіңіз өзіңіз тергедіңіз бе?

Ғылыми зерттеу бойынша, 95% адам солай біреудің анықтамаларымен өмір сүреді. Ары қарай өзі ой қорытпайды.
3% адам өзімнің ойымен өмір сүріп жүрмін деп ойлайды.
Тек 2 % адам ғана тәуелсіз ойлай алады.

Шын ғылыми зерртеу ме? Неге негізделген ғылыми зерттеу деп ойланып көрдіңіз бе?


Болуы мүмкін мидағы кедергілерді айта аламыз.
"Менің есте сақтау қабілетім нашар"

Шынымен де, адамның есте сақтау қабілеті өте мықты деңгейде.

Бірақ, көп адамдар осы сылтау арқылы барлығын ұмытуға дайын тұрады.

Сондықтан, бір нәрсені толығымен зейін қойып зерттеп, түсінсеңіз, алғашқы принципін тапсаңыз - жаттап қажет емес.

Біздің ми соңына дейін түсінген заттарды жақсы сақтайды.

"Ақпарат тым көп"

Қазіргі заманда барлық кітапты, барлық сайтты зерттеу мүмкін емес.

Сондықтан, тезірек негізгі фундаментін, сол саланың моделін, алғашқы принципін табуға тырыссаңыз сізге көп ақпарат қажет емес.

Сіз жақсы ақпаратты жаман ақпараттан тез айырасыз.

Біраз ғана принципті білген адам, көптеген ақпаратты жаттаудан құтылады.

"Барлық идеялар табылып қойған, тек қайталау керек"

Бұны адамдар мыңдаған жыл бойы айтып келе жатқан шығар.

Мың жыл бұрынғы былай тұрсын, соңғы он жылда өміріміз жаңа идеялардың арқасында қалай өзгеріп жатыр?
«Методов может быть огромное количество, но принципов немного. Человек, освоивший принципы, может успешно выбрать собственные методы.

Человек, пробующий методы, но игнорируя принципы, обречен на поражение»

Харрингтон Эмерсон

Қорытынды
Өзімізге сеніп, өз басымызды қолданбасақ, басқалардың ойлары біз үшін түрмеге айналуы мүмкін.

Жаттап алу деген - түсіну деген сөз емес.

Бір нәрсені түсінгіңіз келсе, бір мәселені шешкіңіз келсе, алғашқы принципті жиі қолданыңыз.

Көп айтса көніп, жұрт айтса сеніп өмір сүру шынымен жеңіл-ақ. Бірақ, миыңызды зынданнан шығарып, өзіңіз үшін ойлау - Алланың сізге берген ең керемет нығметі.
Білу - бөлек , түсіну - басқа.

Бейсен Құранбек