Маркетинг деген - оп оңай! Әрбір адам маркетолог. Досыңызға тамақ жейтін жақсы жерді ұсынғанда - cіз маркетологсыз! Сіз досыңыздың не қалайтынын білесіз және сол асхананың қандай жақсы жері бар екенін білесіз.
Маркетинг деген осы екі нәрсе - клиентіңіздің не қалайтынын білу және соны қалай оған жеткізу. Клиентіңіз не деп уайымдайды? Шешім қабылдар кезінде нені ескереді?
Мен маркетингтің оңай екенің қайдан білемін?
Мен 2013 жылдан бастап маркетинг саласында жұмыс істеп келемін. Көптеген жобаларды жасадым. Әлбетте, көптеген қателіктер болды. Бірақ, қателіктерді уақытында талдап, қателіктердің түп себебін тапса - тәжірбиеге айналады.